Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс: “Ирақтағы бүлікшілдер бейкүнә адамдарды өлтіріп жатыр”


БАҒДАД. Ирақта зұлымдық жалғасуда. Бағдадтың шығысында орналасқан Бақуба қаласында екі жанкештілік бомба жарылып, кем дегенде 6 адам опат болды. Кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өзінің сапары туралы алдын-ала хабарламай Ираққа келіп, күрдтердің көсемі Массуд Барзанимен кездесті. Бағдадқа келерден бұрын, Райс ханым бүлікшілдер бейкүнә адамдарды өлтіріп жатыр деген.

- Террористер Ирақтың бейкүнә адамдарын өлтіріп жатыр. Ирақтықтар, әсіресе Ирақ басшылары елдегі зұлымдықты тоқтатқысы келетінін білемін. Меніңше, бейкүнә адамдарды өлтіріп жатқан террористермен тек қана соғысу керек, - деді Райс.

Райс, сондай-ақ, премьер-министр Ибрахим әл-Джафари және Ирақтың басқа да жетекшілерімен кездесті.
XS
SM
MD
LG