Accessibility links

Ресми Лондон мен ЕҚЫҰ-ы Өзбекстан үкіметінің елдегі толқуды күштеп басуына наразылық білдірді


ЛОНДОН. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Ташкенттегі өкілі Өзбекстан үкіметін бейбіт халыққа қарсы қару қолданудан бас тартуға және адам құқықтарын сыйлауға шақырды. Англияның сыртқы істер министрі Джек Стро Өзбекстан үкіметінің халық толқуын күштеп басуына наразылығын білдіріп, Ташкентті демократиялық реформаларды жүзеге асыруға шақырды. Жұма күні Өзбекстан армиясы Әндіжан қаласында наразылыққа шыққан халыққа оқ жаудырып, ресми биліктің есебі бойынша, 30-ға жуық адам оққа ұшқан. Ал журналистердің мәлімдеуінше, құрбандардың саны 500-ге жетеді. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровтың пікірінше, Өзбекстандағы соңғы оқиғаларды экстремистер жоспарлап ұйымдастырды. Өзбекстан президенті И.Кәрімов те Әндіжандағы бас көтеруді “қарулы бүлік” деп бағалап, оның сыртында өзбек үкіметін құлатуды көздеген исламдық “Хизб-ут-Таһрир” ұйымы тұр деп мәлімдеді. Онымен қарама-қатар бүгін Қырғыз-өзбек шекарасы қайта ашылды.
XS
SM
MD
LG