Accessibility links

Қырғызстандағы президент сайлауына түсетін тағы бір үміткер сайлаудан бас тартты


БІШКЕК. Бүгін Бішкекте өткізген баспасөз-маслихатында белгілі дәрігер Женішбек Назарәлиев шілде айында өтетін президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлауға түсу туралы алғашқы шешіміне президент міндетін атқарушы Құрменбек Бәкиев пен қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Феликс Құловтың президентікке түсетіндерін мәлімдеуі себеп болған көрінеді. Өйткені, Бәкиев пен Құловтың сайлауда бақталасуы - қырғыз қоғамын жікке бөле ме деп алаңдағанын айтады Ж.Назарәлиев. Енді екеуі біріккен соң, алаңдайтын ештеңе жоқ деп мәлімдейді белгілі дәрігер. Өткен аптада Ф.Құлов сайлауда Қ.Бәкиевтің кандитатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG