Accessibility links

Ауғанстандағы тәліптердің қарсылығы әлсіреп келеді


КАБУЛ. Ауғанстанның шығысындағы АҚШ күштерінің қолбасшысы Гари Чиктің бүгін мәлімдегеніндей, соңғы аптада ауған үкіметі мен оның шетелдіктер оқытып жатқан қарулы күштерінің алдында Ауғанстандағы бүлікшілер өзінің қансырағанын байқатты. Ауғанстанға келуінің 11 ай толуына байланысты өткізген баспасөз-маслихатында полковник Чик, оған мысал ретінде, көтерілісшілермен арадағы көптеген қақтығыстар “шекара аумақтарымен ғана шектелетінін” атап көрсетті. Ауғанстанның қарулы күштері тәліптердің қалдықтарымен сәуір айының басынан бері талай рет айқасып, 30 ауған, 3 АҚШ және 1 румын жауынгерімен бірге, 150-ге жуық тәліптің көзі жойылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG