Accessibility links

“Шекарасыз репортерлер” ұйымы: “Егер Өзбекстан журналистерді оқиға болған жерге жібермесе, демек, билік асыра сілтеген істерін жасырмақшы”


ПАРИЖ. Бүгін халықаралық “Шекарасыз репортерлер” ұйымы Өзбекстан басшылығын баспасөз құралдарының еркіндігін қамтамасыз етуге шақырды. Өзбекстан үкіметі Әндіжан қаласындағы өткен жұмада басталған бас көтерудің артынша журналистерге қаладан кетуге бұйырды. Қазір Өзбекстанның қауіпсіздік күштері қаланы жан-жағынан қоршап тұр. “Шекарасыз репортерлер” ұйымы бүгін таратқан мәлімдемесінде “егер ресми билік журналистерді оқиға болған жерге жібермесе, демек асыра сілтеген істерін сырт көзден жасырғысы келеді” деп атап көрсетті. Ресми Ташкент әзірше 10 жауынгер мен милиция қызметкеріне қоса 20 адамның қаза болғанын растап отыр. Куәгерлердің айтуынша, қаза болған бейбіт халықтың саны 500-ге жетеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG