Accessibility links

Бүгін Бағдадтың оңтүстігінде көтерілісшілер үш полицияны атып өлтірген


Немістің жаңалықтар агенттігі полициялар Бағдадтан 60 шақырымдай жердегі Мұсайыб қаласында опат болған деген хабар таратты. Бүлікшілер бүгін Бағдадта шиит мұсылмандарының діни жетекшісін де өлтірген. Ал бұл аралықта Ирақ полициясы суннит мұсылмандарының екі жетекшісі жексенбіден бері жоғалып кеткенін анықтаса, кейіннен екеуінің өлі денелері табылған.

Бүгін, сондай-ақ, қарулы адамдар Бағдадта Ирақ қорғаныс министрлігінің бір қызметкерін атып өлтірген. Ирақтың әскери өкілі Оутаиба Ахмед Қайым қаласының батыс жағында бастары кесілген үш ирақ солдатының мәйіті табылғанын айтқан. Барлығы осы айдың басынан бері Ирақтағы шабуыл-қақтығыстар салдарынан 400-дей адамның өмірі қиылған.
XS
SM
MD
LG