Accessibility links

БҰҰ-ң босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссариаты босқындар негізінен бейбіт тұрғындар дейді


Басқарманың өкілдері Қырғызстанның оңтүстіігнде өздері сөйлескен босқындардың көпшілігі ер адамдар екендігін айтқан. Карлос Заккагнини өткен аптаның аяғында шекарадан Қырғызстан жағына қарай өтіп кеткендер қарулы адамдар деген хабарларға керісінше, босқындар лагеріндегі адамдар қарусыз бейбіт жандар дейді:

- Олардың басым көпшілігі ерлер, арасында әйелдер де бар және олар өздерінің Әндіжанның қарапайым бейбіт тұрғындары екендігін, ешқандай да террорлық немесе заңсыз қозғалыстарға мүше болмағандықтарын айтады.

Қырғызстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мирослав Ниязов бүгін парламентте қазір ел ішінде 650 өзбек босқыны барын, олардың 12-сі жұма күні ереуілшілер түрмеден босатқандар деп айтқан. Ниязов, сондай-ақ, өзбек босқындары ішінде жаралылары да бар деген.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG