Accessibility links

Өзбекстанның Бас прокуроры жұма-жексенбі күндері Әндіжанда қаза тапқандар саны 169 болады деген мәлімет айтқан


«Амнести интернашнл» ұйымы тек тәуелсіз тергеп-тексеру ғана Өзбекстанда орын алған оқиғалардың шындығын ашып бере алады дейді. Өзбекстанның адам хұқтары ұйымдары мен тіркелмеген оппозициялық партиялары өткен аптада Әндіжандағы үкіметтік күштер мен ереуілшілер арасында орын алған қақтығыстар кезінде опат болғандар саны бірнеше жүз болады дейді.

"Езгулик" адам хұқтары тобының белсендісі Абдулгапур Дадабоев өз тобының адамдары Әндіжандағы мәйітханадан 200-дей адамның денесін, тағы да көптеген адамдарды жергілікті ауруханадан көргендігін айтады. "Озот диханлор" партиясының жетекшісі Нигара Хидоятова өз адамдарының Әндіжанда үй-үйді аралап, жұма күнгі қақтығыстарда отбасынан қаза тапқан кісілер бар ма деп сұрастырғандығын айтқан, орыс тілінде жарық көретін "Известия" газетіне берген сұхбатында. Қазір бұл тізімге ілінгендер саны 745 болды деген ол.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG