Accessibility links

Өзбек билігі Әндіжандағы көтерілісті Қабұл Парпиев ұйымдастырды деп жариялады


Өзбекстан ішкі істер министрі Зәкір Алматов Әндіжандағы ереуіл шараларын Қабұл Парпиев деген азамат ұйымдастырды, ол қолға түскен жоқ деп жариялады. Ереуілшілер Парпиев расында да қақтығыс болған жұма күні министр Алматовпен сөйлескен дейді. Министр Алматов облыс әкімшілігін басып алғандар шамамен 50 адамды кепілдікте ұстады, олардың кейбіреуін атып өлтірді деп айтты. Алматов Әндіжан қаласындағы қақтығыста 108 бейбіт азамат және 32 сақшы қаза болды деп жаңартылған ресми мәлімет айтты. Алматов 100 адамды "қарақшылар" өлтірді, қалған сегіз адам атыс кезінде оққа амалсыз ілініп кетті деп сипаттады.

- Әкімшілікте бекініп алғандар сыртта ереуілдетіп тұрған халықты тірі қалқан ретінде пайдаланды, - деді Өзбекстан ішкі істер министрі.

Тергеу барысында Әндіжанда және жақын елді мекендерде 81 адам қамауға алынды, олардың елуі – шетел азаматтары деп жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG