Accessibility links

Тәжікстан президенті Э.Рахмонов Қырғызстанның уақытша президенті Қ.Бақиевпен кездесіп, өзара екіжақты байланыс жағдайын талқылады


Сондай-ақ, Өзбекстандағы соңғы саяси дағдарыс мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл Құрманбек Бақиевтің уақытша елбасы міндетін атқаруға кіріскеннен бергі Тәжікстанға алғашқы сапары.

Бақиев президент Рахмоновты, Қырғызстандағы төңкеріс Тәжікстанға әсер етпек емес деп сендірді. Тәжікстан президенті Рахмонов Әндіжандағы қайғылы оқиғалар исламшыл әсірешілдердің кесірінен болып отыр деген пікірін білдірді.

- Бірақ бұл - Өзбекстанның ішкі жұмысы. Орын алған ол жағдайды түбегейлі зерттеу қажет, бірақ, қазірдің өзінде анық бір нәрсе - Өзбекстандағы ол жағдай кейбір бұзушы күштердің кесірінен болып отыр, - деді Тәжікстан президенті.
XS
SM
MD
LG