Accessibility links

Өзбекстандық ресми басшылық бір топ шетелдік дипломат пен журналистерді Әндіжан қаласына апарып, қантөгіс болған жерлермен таныстырды


Тілшілердің айтуынша, ресмилер ол сапар жолдарын қатаң бақылауға алып, жергілікті азаматтармен кездесуге мүмкіндік бермеген. Әндіжанда Чехияның Өзбекстандағы елшісі Алес Фотих те болған.

- Жергілікті қатардағы адамдардан тек қаза тапқан милиционердің ата-анасы ғана болды. Қалған кезде қауіпсіздік қамы деп, бізбен бірге тек қана үкіметтік ресми кісілер ғана болды, - деді чех елшісі.

Оның үстіне, Әндіжандағы жағдаймен танысу белгіленгеннен әлдеқайда қысқа – бір жарым сағат қана болған. Өткен жұмада Әндіжанда болған қантөгісті жағдай бойынша тәуелсіз тергеу-тексеру шараларын жүргізуді халықаралық қауымдастық барынша талап ете бастады.

Қырғызстанмен шекаралас өзбек қаласы Қарасуда мың шақты тұрғын шеруге шығып, Қырғыз шекара күзетінен ол ел аумағына өтуге рұхсат беруін өтінген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG