Accessibility links

Ұлыбритания халықаралық қауымдастықты Өзбекстандағы өткен аптадағы қантөгіс оқиғасын тәуелсіз заң ұйымдарының күшімен түбегейлі зерттеуге шақырды


Британия Сыртқы істер министрі Джек Стро Вашингтондағы сапары кезінде, сәрсенбіде бұл мәселені шұғыл түрде шешкен жөн деген ұсыныс айтты. Ол үшін Стро президент Кәрімовтен Әндіжанға шет елдік агенттіктер мен дипломаттардың жедел келуге рұхсат беруін сұрады.

- Мен ондай көпсанды кісі өлімінің неге орын алғандығын, ондай қантөгістің жалпы ақиқатын және жауапты адамдардың анықталуын іске асыратын халықаралық тәуелсіз зерттеу-тергеу жүргізілуін сұраймын, - деген Британия Сыртқы істер министрі Стро.

Ресми үкімет Әндіжандағы исламшыл әсірешілдермен атыс кезінде 169 кісі қаза тапты десе, оппозиция белсенділері, Әндіжанда 500-ден астам, ал Пахтаабад ауданында 200-ден астам адам құрбан болды дегенді айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG