Accessibility links

Ресейдің экс-министрін Мәскеу де, Вашингтон да өзіне сұраттырып отыр


ЖЕНЕВА. Ресей бұрынғы атом энергетика министрі Евгений Адамовты өзіне беру туралы сұрау жолдады деп хабарлайды Швейцарияның әділет министрлігі. Сұрауды Евгений Адамовтың атом энергетика министрі лауазымында отырған кезіндегі іс-әрекетін Ресей прокуратурасының тергеп жатқаны айтылады. Ресейдің экс-министрін өзіне беруді оны Ресейдің атом электр стансаларының қауіпсіздігіне өзі бөлген 9 млн. долларды жымқырды деп айыптаған АҚШ та талап етіп отыр. Е.Адамов – АҚШ-тың сұрауы бойынша Швейцарияда қамауда отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG