Accessibility links

“ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесіне шығарылған сот өкімін оқу 3-4 аптаға созылуы мүмкін


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеудің Мещан аудандық сотында “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесі М.Ходорковскийге шығарылған сот өкімінің мәтінімен таныстыру жалғасты. Алдыңғы күндердегідей сот ғимаратын 400-дей милиция қызметкері күзетіп тұр. Көшеден өтіп жатқан барлық жолаушы көліктері мен жүк мәшинелері түгел тінтілу үстінде. М.Ходорковскийдің қорғаушыларының пікірінше, судьялар өкімді оқу процесін қасақана созып отыр және осылайша өкіммен таныстыру процесі үш аптаға созылуы мүмкін. М.Ходорковский мен оның әріптестеріне салық төлеуден жалтарды, мемлекет мүлкін жымқырды деген және т.б. айыптар тағылған. Бірақ, олардың өздері ол айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG