Accessibility links

Вашингтон мен Лондон Әндіжандағы қантөгіске тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуді талап етеді


ТАШКЕНТ. Өткен аптадағы қантөгістен кейін бүгін Өзбекстан армиясы сәрсенбі күні наразылық шеруі болып өткен Қарасу қаласына да бақылау орнатып, бірнеше адамды тұтқындады. Тұрғындардың хабарлауынша, қалаға 200-ден 1 мыңға жуық жауынгер келіп, қалада ешқандай қарулы қақтығыс байқалмаған. Біздің тілшіміз Ғафур Юлдашев: “жауынгерлер қаланы көлікпен аралап, әуеде әскери тікұшақтар ұшып жүр, халық толқуы кезінде шекарадан қашып кеткен өзбек шекарашылары бүгін кейін оралды. Ішкі істер министрлігінің пулеметтермен қаруланған өкілдері оқ атуға сақадай сай тұр” деп хабарлады. Өз кезегінде АҚШ пен Ұлыбритания өзбек армиясы Әндіжан мен басқа бірнеше қалада бірнеше жүз қарусыз халықты қырды деген хабарға халықаралық тергеу жүргізуге шақырады. Адам құқықтары бойынша “Хьюман райтс уотч” ұйымы қырғыз үкіметін Әндіжанда болған қантөгістен қашып Қырғызстанға өткен өзбек босқындарынның құқын қорғауға және басқа босқындар үшін шекараны ашуға шақырды.
XS
SM
MD
LG