Accessibility links

Сеул мен Пхеньян өз арасындағы ең өзекті проблема – Солтүстік Кореяның ядролық қаруы мәселесін талқылаған жоқ


СЕУЛ. Солтүстік пен Оңтүстік Корея Кәрей түбегіндегі бейбітшілікті нығайтуға күш жұмсау және Солтүстік Кореяға 200 мың тонна тыңайтқыш жөнелту туралы өзара уағдаласып, 10 айлық үзілістен кейінгі алғашқы келіссөзін бүгін аяқтады. Әйтсе де Сеул мен Пхеньян өз ортасындағы ең басты проблема болып отырған Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін қозғаған жоқ. Өзара бірлескен мәлімдемесінде тараптар үкіметаралық кездесудің келесі айда Сеулде өтетінін атап көрсетті. Онымен қарама-қатар бүгін АҚШ-тың Токиодағы елшілігі ресми Вашингтонның коммунистік Кореяға қатысты саясатын талқылау мақсатында америкалық дипломаттар мен Солтүстік Корея өкілдерінің өткен жұма күні Нью-Йоркте кездескенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG