Accessibility links

Өзбекстандағы қантөгіске НАТО-ның Бас хатшысы да алаңдап отыр


ҚАРАСУ. Қырғызстанға қашып өткен өзбек босқын әйелдердің бірі бүгін Қарасу қаласына оралған өзбек армиясының Өзбекстанда ислам билігін орнатамын деп мәлімдеген Бахтияр Рахимов деген адамды тұтқынға алғанын хабарлады. Оның айтуынша, “қалаға кірген өзбек армиясы Рахимов пен басқа да күдіктілерді ұстаған. Оларға көмектеспек болған басқа ер адамдарды, әйелдің өз сөзімен айтқанда, әскерилер “Оқ атамыз!” деп тоқтатқан. Сонымен бірге, бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер үкімет күштерінің Әндіжандағы наразылық толқуын аяусыз басып-жаншуына алаңдаушылығын білдірді. Ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, қақтығыстарда 169 адам қаза болды десе, куәгерлер мен баспасөз құралдары 500-ден аса жанның құрбан болғанын мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG