Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Косоводағы даулы аймақта демократия дамып келеді дейді


Косоводағы БҰҰ-ның губернаторы Сорен Жессен-Петерсен осындағы даулы аймақта демократиялық ілгері жылжушылық жасалғаны турасында мамырдың 27-де Қауіпсіздік кеңесіне хабарлама жасайтын болады. Дегенмен де, оның кейбір үзінділерін "Рейтер" агенттігі жариялап қойған. Демократиялық прогресс - Сербияның бір бөлігі болып табылатын, бірақ тұрғындарының басым көпшілігі албандар болып келетін этникалық даулы аймақтың мәртебесі бойынша жүргізілетін келіссөздердің басты талабы.

Белград ол келіссөздерді кейінге қалдырғысы келген, бірақ, хабарларға қарағанда АҚШ пен Европа одағы оны күзде бастауды қалайды. Қауіпсіздік кеңесі алдымен Петерсеннің хабарламасын бекітуі тиіс.
XS
SM
MD
LG