Accessibility links

Ирақ бас министрі Ибрахим әл-Жаафаридің Түркиядағы сапары жалғасуда


Бүгін ол Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, экономикалық және қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Түркияда бейсенбіден бері жүрген Әл-Жаафари бауырлас Түркиямен Ирақтың тағдырлары бөлек болғанымен, мүдделері ортақ деген. Ол мұнай мен су ресурстары, электр қуаты осындай ортақ мүделер қатарына жатады деп атап көрсеткен.

Түркияның "Хүррият" газеті әл-Жаафаридің сапары алдында екі елдің ресмилері арасында талқыланатын басты мәселе - Ирақтың Түркия фирмаларына 1,7 миллиард доллар қарызы деп жазған еді.

Американдық әскерилердің айтуынша, бүгін Ирақта болған бірнеше қақтығыста төрт АҚШ солдаты қаза тапқан.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG