Accessibility links

Бүгін Өзбекстан астанасындағы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кеңсесі алдында наразылық митингісі болған


Мұның алдында Өзбекстанның "Правда Востока" деп аталатын үкіметшіл газеті ОБСЕ ұйымының осындағы өкілдігі жетекшісінің өткен жұма күні Әндіжанда үкімет күштері шерушілерге қаратып оқ атқан кезде, ол ереуілдер бейбіт түрде өтіп жатпаған еді деген сөздерін келтірген мақала басқан болатын. Наразылық танытушылар ОБСЕ ереуілдердің күшпен басылғанына қолдау білдірді деп жиналған.

Бейсенбі күні Ташкенттегі Ресей елшілігінің сыртында да наразылық митингісіне шыққандар болған. Оны Өзбекстандағы "Озод айол" ұйымы кейбір Ресей телеарналарының көтерілісті жасағандар экстремистік топтар деген тұрғыда хабар таратқанына наразылық білдіру ретінде ұйымдастырған болатын.
XS
SM
MD
LG