Accessibility links

Ирақтың бірқатар қалаларында АҚШ басқыншылығына қарсы шерулер өткен


Бүгін Бағдадта шииттердің діни жетекшісі Мұхтада ас-Садрдың мыңдаған жақтастары Ирақта АҚШ бастаған басқыншылықтың жалғасып жатқанына наразылық танытқан.

«Ассошэйтед пресс» агенттігі Назирия, Нажаф, Куфа қалаларында шеруге шыққандар саны 6 мыңдай болды деген хабар таратты. Шиит мұсылмандары жетекшісінің өлтірілуіне байланысты үш күн бойына мешіттер жабық болады деген шешімге наразылық білдірген суннит мұсылмандарының да шерулері болып өткен.

Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари бүгін Ирақ делегациясы жақын арада Сирияға барып, Сирия билігінің Ираққа шетелдік күрескерлердің өтіп кетуіне кедергі жасауын өтінетін болады деген.
XS
SM
MD
LG