Accessibility links

Ауған президентінің АҚШ-қа сапары басталды


БОСТОН. Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-тың Бостон қаласына келді. Карзай мырза Бостон университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланған. Ол, сондай-ақ, АҚШ президенті Джордж Буш және басқа да ресмилермен кездеседі. Кездесу барысында Ауғанстанға экономикалық көмек беру және Америка түрмелеріндегі ауғандықтардың жағдайы туралы талқыланады.
XS
SM
MD
LG