Accessibility links

Ирақта экстремистердің тұтқынында 2 айдай отырған 3 румын журналисі босатылды


БАҒДАД. АҚШ күштеріне сүйенген Ирақ армиясы мен полициясы Бағдадта көтерілісшілерге қарсы ірі операциясын өткізді. АҚШ әскерінің хабарлауынша, Бағдадтағы АҚШ жауынгерлері күзететін Әбу-Грайб түрмесі мен қала орталығынан халықаралық әуе жайға дейінгі түрлі шабуылға қатысы бар деген күдіктілер ұсталған. Бірақ нақты қанша күдіктінің ұсталғаны белгісіз. Сонымен қатар кеше Ирақта экстремистердің қамауында 2 айдай отырған 3 румын журналисі мен олардың тілмәші болған 1 ирақтық АҚШ азаматы босатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG