Accessibility links

Билік басындағы коалицияның жеңіліс табуына байланысты Германия канцлері елде жалпыға бірдей сайлау өткізбекші


БЕРЛИН. Германия канцлері Герхард Шредер кезектен тыс жалпыға бірдей сайлау өткізбекші. Ол жөнінде федералдық канцлер елдің ең ірі аймағы – Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі кеше болып өткен сайлауда билік басындағы Әлеуметтік-демлкратиялық партияның жеңілуіне байланысты мәлімдеді. Сайлаудың бастапқы қорытындысы бойынша, Әлеуметтік-демократиялық партия 37-ден сәл көп, оппозициядағы христиан демократттары 45 пайыз дауыс жинады. Коалициялық үкіметтегі Әлеуметшіл демократтардың серігі – “жасылдар” партиясын сайлаушылардың 6 пайызы ғана қолдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG