Accessibility links

Ауғанстан президенті Дж.Буштан ауған тұтқындарын қорлап-жәбірлеген жайттардың тиянақты тергелуін талап етпекші


ВАШИНГТОН. Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Бушпен келіссөз өткізеді. Кеше Американың CNN телеарнасына берген сұхбатында Х.Қарзай Дж.Буштан АҚШ жауынгерлерінің ауған тұтқындарын қорлап-жәбірлеген жайттарын тиянақты тергеуін талап ететінін, сондай-ақ “Нью-Йорк Таймс” газетінде өзіне айтылған сынды жоққа шығарып, Ауғанстандағы көкнәр-апиын егістігінің 30 пайызға жуығы жойылғанын мәлімдеді. Х.Қарзай, сонымен қатар, халықаралық қоғамды өз елінің есірткі өндірісі мен саудасына қарсы күресіне қосымша көмек беруге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG