Accessibility links

Еуроодақ Өзбекстан президентін Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз түрде тергеуге шақырады


БРЮССЕЛЬ. Бүгін Европа Одағының сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері Брюссельдегі отырысында Өзбекстандағы қантөгіс және басқа да мәселелерді талқылайды. Еуроодақ өкілдері Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовты Әндіжандағы қақтығыстарға халықаралық зерттеу жүргізуге мүмкіндік беруге шақырады. Британия сыртқы істер министрі Джэк Строудың айтуынша, Еуроодақ өкілдері, сондай-ақ, Өзбекстан үкіметінен елде ашық және әділ сайлаулар өткізуді талап ететін болады.

- Еуроодақ өкілдері Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Әндіжандағы қантөгісті халықаралық тәуелсіз тергеуден бас тартқанын айыптайды. Сонымен қатар, біз Өзбекстан үкіметінен елде ашық және әділ сайлаулар өткізуді талап етеміз, - дейді Строу.

Еуроодақ осы аптада Өзбекстанға өкілдерін жібермекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG