Accessibility links

К.Райс (АҚШ). “Демократиялық Палестина мемлекетін құруға Израиль ықпал етуге тиіс”


ВАШИНГТОН. АҚШ пен Израиль өзара күш біріктіре отырып Таяу Шығыстағы демократияны дамытуға тиіс, деп есептейді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс. Сонымен қатар, оның атап көрсетуінше, Израиль премьері Ариэль Шаронның Газа аймағынан армия мен еврей қоныстарын көшіріп алып кету жоспары Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздің маңызды сатысы болып табылады. Вашингтонда К.Райс демократиялық Палестина мемлекетін құруға Израиль ықпал етуге тиіс деп мәлімдеп, өз кезегінде Палестина лидері М.Аббастан барлық террористік құрылымды жоюын талап етті.
XS
SM
MD
LG