Accessibility links

АҚШ пен Ауғанстан стратегиялық әріптестік туралы құжат қабылдады


ВАШИНГТОН. АҚШ пен Ауғанстан президенттері - Дж.Буш пен Хамид Карзай – саясат пен экономика және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды. Ол жайында Х.Қарзаймен Ақ үйдегі келіссөзінен кейін Дж.Буш жариялады. Сонымен бірге АҚШ президенті бұдан былай АҚШ әскерилері терроризмге қарсы операцияларға дайындық барысын Ауғанстан үкіметімен талқылайтын болады деп қосты. Өз кезегінде Х.Қарзай АҚШ-тың Кабул іргесіндегі әскери түрмесіндегі тұтқындарды жәбірленген жайттардың болғанын айта келіп, оған бірақ тұтастай АҚШ үкіметі емес, жекелеген тұлғалар жауапты деп мәлімдеді. Дж.Буш, сондай-ақ, Гуантанамо әскери базасында және басқа жерде отырған тұтқындар бірте-бірте елдеріне оралатынын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG