Accessibility links

Бүгін Женевада Иран мен Еуроодақ арасында ядролық мәселелерге арналған шешуші келіссөздер басталады


ЖЕНЕВА. Ұлыбритания, Франция, Германия сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша өкілі Хавиер Солана Швейцарияда Иранның ядролық мәселелері бойынша өкілі Хассан Роханимен кездеседі. Егер Иран уранды байыту өндірісін тоқтату туралы Еуроодақ алдындағы міндеттемесінен бас тартатын болса, оның ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілуі мүмкін. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қаруларды дамытпақшы деп айыптап келеді, ал Иран бұны жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG