Accessibility links

Иран мен Еуроодақ ядролық мәселелерге қатысты келіссөздерін шілде айында жалғастырады


ЖЕНЕВА. Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі бойынша тұжырымды келісімге келгенше Теһран мен Еуроодақ арасында келіссөздер жалғасатын болды. Сәрсенбіде Женевада өткен кездесу барысында Еуроодақ пен Иран шілде айының соңында, яғни Иранда 17 маусымда өтетін президенттік сайлаудан соң келіссөздерді қайта бастауға келісті. Иран, сондай-ақ, ядролық материалдарды дамытуды уақытша доғаратынын айтты. Ал Еуроодақ Иранға ядролық мәселеге байланысты жаңа егжей-тегжейлі жоспар ұсынатын болды. Иранның ядролық мәселелері бойынша өкілі Хассан Рохани аталған мәселеге орай Иран Еуроодақпен тезарада келісімге келеді деген үмітін білдірді. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қаруларды дамытпақшы деп айыптап келеді, ал Иран бұны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG