Accessibility links

Иран дүниежүзілік сауда ұйымына қашан мүше болып қабылданады?


ЖЕНЕВА. Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы Иранды мүшелікке қабылдау мәселесі бойынша Теһранмен арада келіссөзді бастауға келісті. Бірақ, бұл жөнінде ресми хабар берілген жоқ. Сауда ұйымының бас кеңесіндегі жабық отырысында осыған дейін Иранның мүшелікке қабылдануына тосқауыл болып келген Швейцария мен АҚШ оған қарсы шықпаған. Иранның БҰҰ-ындағы Женевада отырған елшісі Мохаммад Реза Алборзи (Mohammad Reza Alborzi):

- Бұл көптен бері күтілген оң шешім болды. Мұндай шешім бүгін бүгін қабылданды ғой деп ойлаймын және бұл Иран мен халықаралық қауымдастық арасындағы сауда ынтымақтастығының есігін кеңінен ашады. – деп мәлімдеді.

Мұндай шешім - Еуроодақпен арадағы сәрсенбі күнгі келіссөзінде Иранның ядролық бағдарламасын уақытша тоқтатуға келісім беруінен соң қабылданып отыр.
XS
SM
MD
LG