Accessibility links

Х.Роухани (Иран): “Егер Иран басшылығы қолдамайтын болса, Еуроодақпен арадағы сәрсенбі күнгі келісім күшін жоюы мүмкін”


ТЕҺРАН. Бүгін Иран теледидарынан сөйлеген сөзінде Еуроодақпен келіссөзіндегі Теһранның ресми өкілі Хассан Роухани егер Иран басшылығы қолдамайтын болса, Еуроодақпен арадағы сәрсенбі күнгі келісім күшін жоюы мүмкін деп мәлімдеді. Женевада кеше болып өткен келіссөзінде Еуроодақ пен Иран соңғысының ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті келісімге келгенше келіссөзді Иранда 17 маусымда өтетін президент сайлауынан кейін жалғастыра беретін болып уағдаласты. Иран, сондай-ақ, өзінің уранды байыту өндірісін тағы да уақытша тоқтатуға келісті. Өз кезегінде Еуроодақ Иранға жаңа ұсыныстар жасауға міндеттенді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG