Accessibility links

Түркия премьері Р.Т.Ердоған бүгін Қазақстанға келді


АСТАНА. Бүгін Түркия Республикасының премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған 2 күндік сапармен Астанаға келді. Бүгін Ердоған қазақ үкіметінің төрағасы Д.Ахметовпен келіссөз өткізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады және оның артынша бірлескен баспасөз-маслихатын өткізуі тиіс. Сапар барысында Түркия премьері Қазақстан Парламенті Сенатының спикерімен кездесіп, қазақ-түрік іскерлерінің форумына қатысады. Жұма күні Р.Т.Ердоған Алматыда Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG