Accessibility links

Бейжің мен Ташкент терроризм мен діни экстремизмге қарсы бірге күресуге келісті


БЕЙЖІҢ. Бүгін Қытайдың премьер-министрі Вэнь Цзябао мен Өзбекстан президенті И.Кәрімов терроризмге қарсы бірлесіп күресетін болып уағдаласты. Вэнь Цзябао өзбек лидерімен оның Қытайға сапарының екінші күні кездесті. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі:

- Қытай мен Өзбекстан - көрші дос елдер. Біз шынында да бейбіт қарым-қатынасымызды дамытқымыз келеді. Орта Азия да террористік қатердің ұлғаюы, экстремизм мен сепаратизм сияқты проблемалардың алдында тұр. Орта Азия да өзінің дамуын жеделдетуді көздейді. Міне осы тұрғыдан келгенде Қытай да, Өзбекстан да ұқсас мүдделер мен пайданы көздейді, - деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG