Accessibility links

Ирақтың қауіпсіздік күштері Бағдадта көтеріліске қарсы ауқымды күрес бастамақшы


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың қорғаныс министрі Садун Әд-Дулайми Бағдадтағы көтерілісшілердің көзін жоюға операциясына армия мен ішкі істер министрлігінің 40 мыңнан астам қолы жұмылдырылатынын мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, бұл Ирақтың қауіпсіздік күштерінің Бағдадтағы көтеріліске бағытталған ең ірі операциясы болмақшы және бірте-бірте ондай шара бүкіл Ирақта жүзеге асырылмақшы. Әд-Дулаймидің айтуынша, ауқымды операция жексенбі күнің басталады. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадтағы АҚШ әскері күзетіп тұрған Әбу-Грайб түрмесінен 3 тұтқын қашып кетіп, олардың іздерін кесумен Ирақ армиясы мен полициясы шұғылдану үстінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG