Accessibility links

Дүниежүзілік сауда ұйымы Иран мүшелігін талқылайды


ЖЕНЕВА. Дүниежүзілік сауда ұйымы Иранды мүшелікке қабылдау мәселесі бойынша Теһранмен келіссөзді бастауға келісті. Бұл шешім қабылданардан бір күн бұрын Еуроодақтың Сыртқы істер министрлерімен Женевада өткен кездесуінде Иран өзінің ядролық бағдарламасын уақытша тоқтатуға келіскен болатын. Иранның аталған ұйымға мүше болуына қарсы болып келген АҚШ бұл жолы қарсылық білдірген жоқ. Иранның БҰҰ-ындағы Женевада отырған елшісі Мохаммад Реза Алборзи бұл шешімді оң қабылдады.
XS
SM
MD
LG