Accessibility links

АҚШ Палестинаға 50 миллион доллар қаржы бөлмекші


ВАШИНГТОН. Кеше АҚШ президенті Джордж Буш “Ақ Үйде” Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кездесіп, палестиндықтарға көмек ретінде 50 миллион доллар қаржы бөлуге уәде берді. Буш, сондай-ақ, Израильді Иорданның батыс жағалауындағы еврей қоныстарын салуын доғартуға шақырды. Тамыз айында Израиль Газа жазығынан әскерін алып кетеді деп жоспарланған. Осыған орай Израиль мен Палестина басшыларымен келіссөздер өткізу үшін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс жақын арада Иерусалим мен Рамаллаға барады деді Буш.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG