Accessibility links

Кубадағы Гуантанамо аралындағы түрмеде қасиетті Құранға 5 түрлі бейәдеп әрекеттер жасалғаны анықталды


Осы түрмедегі әскери күзет пен тергеушілердің ондай әрекеті жөнінде лаңкестер үшін арналған түрме басшысы АҚШ генералы Джей Худ Вашингтондағы кездесуде тілшілерге айтқан. Бірақ, генералдың айтуынша, Гуантанамо бұғазындағы түрмеде Біріккен күштердің қасиетті Құранды әжетхана суымен ағызып жібергені жөнінде сенімді болатындай қандай да бір айғақты дерек табылмаған.

Генерал Худтың айтуынша, Құранға деген әдепсіздік жөнінде айтылған 13 айыптың бесеуі расталған. Тергеушілер әлгіндей әрекеттің төртеуін күзетшілер, ал біреуін тергеуші жасаған деген қортынды жасаған. Генералдың пікірінше, ол 5 жағдайдың өзін мұсылмандардың қасиетті кітабына орынсыз тірлік жасаған деп түсінген жөн екен.

- Ол 5 кінәның үшеуі, біле тұрып, әдейі жасалса, қалған екеуі, бәлкім, кездейсоқ әрекет болар, - дейді генерал Худ.

Ал бұл арада,Үндістан әкімшілігіндегі Кашмирде, қасиетті Құранға жасалған Гуантанамодағы іс-қылықтарға қарсы наразылық ретінде барлық дүкендер, оқу орындары және банктер жабық болған. Малайзиядағы шеру кезінде АҚШ тулары, Конституция кітаптары өртелген. АҚШ ресмилері ондай құрметсіздіктің болғанын мойындағаннан кейін, енді Пәкістандағы қатаң қолды исламшыл партиялар жаңа ереуілдерге кірісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG