Accessibility links

Бүгін Пәкістанда болған жарылыстан кемінде 18 адам мерт болды


Жұма күні Пәкістан астанасындағы Бари Имам зираты маңайында болған діни мереке кезінде, куалардың айтуынша, бомба жарылысынан кемінде 18 адам қаза тапқан. Жарылыстан жарақат алғандар тағы бар. Пәкістан Ақпарат министрі Рашид Ахмед ол жарылыс үшін әсірешіл діни секта өкілдерін айыптады.

- Бұл шабуылдар екі діни топтың теке-тіресі кесірінен болып отыр. Алғаш бұл жанпидашының бомба жарылысы делінгенімен, кейін бұл жырақтан басқарылған жарылыс болуы мүмкін деген ойға келіп отырмыз. Оны енді сарапшылар анықтар. Ал жарақат алғандар емханаға жеткізілді, - деді министр Рашид Ахмед.
XS
SM
MD
LG