Accessibility links

БҰҰ-ың Ядролық қару таратпау келісімдері бойынша конференциясы нәтижесіз аяқталды


Бұл жөнінде кеше конференция төрағасы Сергио Дуарте хабарлаған. Әлемде Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламалары турасында алаңдаушылық туып тұрған дағдарысты кезеңде конференция жаңа келісімдерге қол жеткізе алмады.

Солтүстік Корея бұл келісімнен бас тартып, өздерінің ядролық қару жасап алғанын айтып отыр. Ал Европа одағы, атап айтқанда, Германия, Франция, Британия елдері, Иранды атом бомбасын жасаудан бас тартуға шақырып, бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешудің шараларын қарастыруда.
XS
SM
MD
LG