Accessibility links

Жексенбі күнгі референдум қарсаңында Еуропа одағы Конституциясына байланысты қарсы және қолдаушы қауымның саяси науқаны аяқталды


Сауалнама нәтижесіне қарағанда, француздардың көбі Конституцияға қарсы секілді. Сондықтан, ЕуроОдақ заңын қолдап дауыс берген Германия мен Испания жетекшілері Францияға жұма күні келіп, француздарды мәмілеге шақырды.

Лилль қаласындағы шеруде сөз алған Испания бас министрі Сапатеро, Франция жетекшілікті қолға алмаса ЕуроОдақ жобасы іске аспайды деді.

- Әдетте, Еуропаға үмітпен қарап келген Испания, Франция Еуропа одағының жетекшісі ретінде қажет екендігіне сенеді, - деді Хосе Сапатеро.

Ал Тулуза қаласына келген Германия канцлері Герхард Шредер ЕуроОдақтың бұл құрлықтағы бейбітшілік миссиясын іске асыру үшін Германия мен Франция ерекше жауапты деді. Жұма күні Германия парламенті 9-шы болып, ЕуроОдақ Конституциясын қолдап дауыс берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG