Accessibility links

Кеше Ирақта бомба жарылыстарында кемінде 9 адам құрбан болып, 70-ке жуық кісі жарақаттанған


Екі жанкештілік жарылыс АҚШ пен Ирақ күштері орналасқан базаның кіреберісінде жасалған. Онда кемінде алты ирақ әскері қаза тауып, 68 адам жараланды деп хабарланды. Екі бірдей бомба жарылысына Әбу Мұсаб әл-Зарқауи бастаған көтерілісшілер тобы айыпты деп танылып отыр. Ал Мосул қаласында жол бомбасынан үш ирақ азаматы мерт болған, оның біреуі бала.

Кеше сондай-ақ, Ирақ ұлттық қауіпсіздік министрлігі ислам жаугерлері ұрлап кетті деп күдіктелетін 44 жастағы жапон жұмысшысының өлтірілгендігін растады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG