Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Суданның батысындағы Дарфур аймағында гуманитарлық дағдарысты тез арада аяқтауға шақырды


Ол сондай-ақ, Африка одағы бейбіт күштерінің жауапкершілігін арттыру қажет, олар бейбіт тұрғындарды қорғау ролін өз қолдарына алуы керек деп атап көрсеткен. Аннан кеше екі жылдық азамат соғысы мен аштықтан баспанасыз қалған 110 мың босқын тұрып жатқан Калма лагерінде болды. Мұнан соң Бас хатшыны жартылай қираған Лабадо қаласының көмек пен қорғауды қажет еткен мыңдаған тұрғындары қарсы алды.

Үкіметтік араб милициясының шабуылдарынан Дарфур аймағының 300 мыңдай тұрғыны опат болған, ал екі миллионнан астам адам өз мекендерін тастап, босып кетуге мәжбүр болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG