Accessibility links

Сирия әскерлері кеткеннен кейін бір айдан соң, Ливанда бүгін парламент сайлауы басталады


Дауыс беру төрт жексенбі бойына өткізіледі. Бүгінгі дауыс беру ел астанасы - Бейрутте парламенттегі 19 орын үшін болады. Кеше Ливан ішкі істер министрі сайлау еркін өтеді деп айтқан еді.

Ливанның бұрынғы бас министрі болған Рафиқ Харири ақпан айында қастандықпен өлтірілгеннен кейін, ел ішінде Сирияға деген наразылық өрши түскен еді. Мұнан соң Ливандағы Сирия әскері түгел шығарылып, Сирияға қарсылық білдірушілер табысқа жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG