Accessibility links

Израиль өз түрмелеріндегі тағы 400 палестиндікті бостандыққа жібереді


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль радиосының хабарлауынша, бүгін Израиль үкіметі өз түрмелерінде отырған 400 палестиндік тұтқынды босату шешімін мақұлдады. Бұл шешімді 18 министр қолдап, үшеуі қарсы дауыс берді. Палестиндіктердің түрмеден шығарылатын нақты күні әлі белгіленген жоқ. Палестина басшылығымен ақпан айындағы келісімге сәйкес, Палестина жағы экстремистерге қарсы шара қолданған жағдайда Израиль палестиндік тұтқындарды түгел босатуға міндеттенген болатын. 500 тұтқын ақпан айында еркіндікке жіберілді. Тағы 400 тұтқында босату әзірге кейінге қалдырылды.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG