Accessibility links

Ливанда Сирияның араласуынсыз соңғы 30 жылдағы бірінші парламент сайлауы басталды


БЕЙРУТ. Ливанда басталған 4 сатылық парламент сайлауының бірінші сатысында сайлаушылардың белсенділігі өте төмен. Ливан премьері Наджиб Мигутидің мәлімдегеніндей, күн ортасына қарай сайлаушылардың 12 пайызы ғана дауыс берген. 128 депутаттан тұратын Ливан парламентіне Бейрут бүгін 19 депутатын сайлауға тиіс. Болжам бойынша, Бейрутта қастандықтан қаза болған бұрынғы премьер Рафик әл-Хариридің ұлы бастаған саяси бірлестіктің жеңіске жету мүмкіндігі көп.

- Мұның біз үшін маңызы өте зор. Өйткені, менің әкем Бейрутты біріктіруді мақсат етті. Міне, бүгін ливандықтар аңсаған бірлік үшін дауыс беріледі. Біз Бейруттан осындай бірлікті көреміз. Біздің бірлестігімізден Сіз талай партияны көре аласыз. Бұл 14 наурыздан бері келе жатқан нағыз бірлік, - деп мәлімдеді Саад Әл-Харири.

Ливанда 59 пайызын мұсылман, 41 пайызын христиандар құрайтын 3 млн-ға жуық сайлаушы бар.
XS
SM
MD
LG