Accessibility links

Франциядағы референдумда сайлаушылар айтарлықтай белсенділік көрсету үстінде


ПАРИЖ. Еуроодақтың жаңа Конституциясының жобасы бойынша Францияда бүгін өтіп жатқан референдумда күн ортасына қарай 42 млн сайлаушының 25 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Бұл Еуродақтың ортақ валютасын енгізген 1992 жылғы Маастрихт келісімі бойынша Францияда өткен референдум көрсеткішінен жоғары. Дауыс беру қарсаңында өткізілген қоғамдық сауалнаманың нәтижесі жаңа конституцияны қолдамайтындардың үлес-салмағы басым екенін көрсетіп берді. Жаңа Ата заң күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың барлық 25 мүшесі мақұлдауға тиіс. Әзірге оны 9 ел мақұлдап бекітті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG