Accessibility links

Ирақта тағы кем дегенде 20 адам қаза болып, 35-тей кісі жарақат аолды


БАҒДАД. Ирақтың Хилла қаласында қатарынан екі жарылыс болып, одан кем дегенде 20 Ирақ азаматы қаза болып, тағы 35-тей кісі жараланды. Куәгердің айтуынша, 2 жанпидашыл-лаңкес жүзеге асырған жарылыстың бірі полицейлердің шеруі кезінде, екіншісі – полицейлердің дәрігерлік тексеруге келіп кезек күтіп тұрған медициналық орталықта болды. Ирақ армиясының 40 мыңдық күші Бағдад қаласын түгелдей қоршап алып, көтерілісшілерге қарсы ауқымды операциясын жүзеге асыру үстінде. Үкіметтің хабарлауынша, осы шараның бірінші күні-ақ 500-дей күдікті тұтқындалған. Бір хабарға қарағанда, АҚШ армиясы Ирақтың Ислам партиясының лидері Муһсен Абдул-Хамидті қамауға алып, Ирақ президенті Жалал Талабани оны дереу босатуды талап етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG