Accessibility links

Бейруттағы парламент сайлауында бұрынғы премьер-министрдің ұлы бастаған оппозициялық блок жеңіске жетті


БЕЙРУТ. Ливан астанасында жексенбі күні болып өткен парламент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, Саад Әл-Харири бастаған саяси бірлестік барлық 19 депутаттық орынға ие болды. Ол – ақпан айындағы қастандықтың құрбаны болған бұрынғы премьер-министр Рафик Әл-Хариридің ұлы. Сирияны айыптап келген Әл-Хариридің қазасы Ливан оппозициясы мен халықаралық қоғамның ащы наразылығын туғызып, ақыр соңында Сирияны Ливандағы әскерін шығаруға мәжбүр етті. Бейруттағы сайлау - Ливандағы 4 сатылық парламент сайлауының алды. Ливандағы сайлау алдағы үш жексенбіде жалғасады.
XS
SM
MD
LG