Accessibility links

Мәскеу соты “ЮКОС туралы іс” бойынша айып тағылған М.Ходорковскийді кінәлі деп тапты


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеудің Мещан аудандық соты “ЮКОС” мұнай компаниясының ісі” бойынша Михаил Ходорковскийге, Платон Лебедевке және Андрей Крайновқа қарсы шығарылған өкімінің мәтінімен осымен үшінші апта бойы таныстыру үстінде. Бүгін сот “Волна” өнеркәсіп бірлестігінің бұрынғы бас директоры А.Крайновтың кінәсі дәлелденді деп тауып, айыпталушы өз кінәсін жартылай мойындады. Осыған дейін сот Ходорковский мен Лебедевті де барлық айып бойынша кінәлі деп тапқан болатын. Екеуі де өз айыптарын түбегейлі жоққа шығарып келеді. Ходорковскийдің жақтастары “ЮКОС” компаниясының бұрынғы басшысына қарсы тағылған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG